Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 32

Байланыс

"Ескелді аудандық Мәслихатының аппараты" ММ

Қазақстан, Алматы облысы
Ескелді ауданы, Оразбеков к-ші, 67

Индекс: 040500

Тел: 8 (72836) 3-02-59
Факс: 8 (72836) 3-02-59

Email:eskeldy-akimat@mail.ru

Жұмыс жоспары

Ескелді ауданы мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары

 

І тоқсан

1.Ескелді ауданының 2020 жылға арналған бюджетінің орындалуын бекіту туралы.

2.Ескелді аудандық мәслихатыныңжәне оның тұрақты комиссияларының2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы.

3. Қылмыстық жазаларды және Қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Ескелді ауданы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның2020 жылы атқарған жұмыстары туралы.

Баяндамашы: Ескелді ауданы әкімінің жауапты орынбасары.

4. Басқа мәселелер.

Қаңтар – Наурыз

 

ІІ тоқсан

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығына сәйкес, Бақтыбай ауылдық округінің әкімінің өзіне жүктелген міндеттерін орындауы туралы аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі.

2. Ескелді ауданында инвестиция тарту бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының есебін тындау.

3. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Ескелді ауданында істеліп жатқан құрылыс нысандары жөнінде құрылысбөлімі басшысының есебін тындау.

4.Басқа мәселелер.

Сәуір – Маусым

 

ІІІ тоқсан

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығына сәйкес, аудандық мәслихат депутаттары алдындағы аудан әкімінің өзіне жүктелген міндеттерінің орындалуы және алдағы атқарылатын жұмыс жоспары туралы есебі.

2. Басқа мәселелер.

Шілде – Қыркүйек

 

IV тоқсан

1. Ескелді ауданының 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы.

2.Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығына сәйкес, Қоңыр ауылдық округінің әкімінің өзіне жүктелген міндеттерін орындауы туралы аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі.

3. Аудандық «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекция» бөлімі басшысының 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы.

4.Басқа мәселелер.

Қазан – Желтоқсан