Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 32

Байланыс

"Ескелді аудандық Мәслихатының аппараты" ММ

Қазақстан, Алматы облысы
Ескелді ауданы, Оразбеков к-ші, 67

Индекс: 040500

Тел: 8 (72836) 3-02-59
Факс: 8 (72836) 3-02-59

Email:eskeldy-akimat@mail.ru

Аудан бюджеті

 
Ескелді ауданының 2018-2020
жылдарға арналған бюджеті
туралы

 


2008 жылдың 04 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 9–бабының 2–тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6–бабы 1–тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ескелдi ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 - қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 5540531 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 132663 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 17100 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 10474 мың теңге;

трансферттердің түсімдері 5380294 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 873477 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 535977 мың теңге;

субвенциялар 3970840 мың теңге;

2) шығындар 5540531 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 48860 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 86580 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 37720 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 48860 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 48860

мың теңге.

2. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2018 жылға арналған резерві 3762 мың теңге сомасында бекітілсін.

3. 2018 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемдері 175309 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Алдабергенов ауылдық округіне 41233 мың теңге;

Ақын Сара ауылдық округіне 11397 мың теңге;

Бақтыбай ауылдық округіне 17902 мың теңге;

Қарабұлақ ауылдық округіне 58758 мың теңге;

Қаратал ауылдық округіне 14544 мың теңге;

Төлеңгіт ауылдық округіне 16812 мың теңге;

Сырымбет ауылдық округіне 14663 мың теңге.

4. 2018 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға.

Көрсетілген трансферттерді ауылдық округтердің бюджеттеріне бөлу Ескелді ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

5. 2018 жылға арналған аудандық бюджетте жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес, 4532 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.

Ауылдық округтер әкімдері жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсетін бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін.

6. 2018 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі осы шешімнің 5-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Экономика, қаржы, бюджет және заңдылықты сақтау мәселелерін қамтитын» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

8. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Ескелді аудандық                                               Ескелді аудандық
мәслихатының                                                   мәслихатының хатшысы
сессия төрағасы
 
____________    Д. Идрисов                             ___________  Қ. Алпысбаев