Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 32

Байланыс

"Ескелді аудандық Мәслихатының аппараты" ММ

Қазақстан, Алматы облысы
Ескелді ауданы, Оразбеков к-ші, 67

Индекс: 040500

Тел: 8 (72836) 3-02-59
Факс: 8 (72836) 3-02-59

Email:eskeldy-akimat@mail.ru

Қызметтік міндеттер

Ескелді аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлерінің қызметтік міндеттері
 

 

1. Аппарат басшысы: /Е-2/ санаты (03-01) - Сопаков М.Б.

- Мәслихат хатшысының тікелей басқаруымен аппарат жұмысын ұйымдастырады, аппаратқа жүктелген функциялардың және жұмыс жоспарларының сапалы орындалуына жауапты. Аппарат қызметкерлері арасындағы міндеттерін анықтап, аппарат жұмысының тыңғылықтылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ жұмыстағы өндірістік және еңбек тәртіптерінің сақталуын қадағалайды;

- Мәслихат аппараты жөніндегі ережеде көрсетілген міндеттер мен құқықтардың орындалуына, қызметкерлерге тапсырмалар мен функциялардың қолданыстағы заңдарға сәйкес жүктелуіне, кадрларды таңдап, орналастыру және еңбек тәртібінің сакталуына жауапты;

- Мәслихат сессиясының әзірленуіне және өткізілуіне көмек жасайды. Қабылданған немесе бекітілген шешімдердің орындалуына бақылау жасайды;

- депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге,

- сайлау комиссияларының тиісті дәрежеде қызметін атқару барысында аппарат тарапынан көмек жасалуына жауапты.

- Мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, аудан әкімі аппаратымен, басқа да мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен, мемлекеттік емес ұйымдармен өз- ара іс әрекеттерін үйлестіру;

- Мәслихаттың жер мәселелері, ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын тұрақты комиссиясына, аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және заңдылықты сақтау мәселелерін қамтитын тұрақты комиссиясына, аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласы және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияларының жұмысына көмек көрсетеді;

- Мәслихат аппаратының материалдық-техникалық базасының қамтамасыз етілуне толық жауап береді және жүзеге асырады;

- Мәслихат аппаратының жұмыс регламентін сақтайды;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес немесе мәслихат хатшысының тапсыруымен басқа да міндеттерді жүзеге асырады;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін білу, мемлекеттік тілді білу, компьютерде Word, Excel бағдарламалары бойынша жұмыс істей білуі міндетті.


2. Бас маман: /Е-4/санаты (03-02) - Рахимов Ж.А.

- аудандық мәслихаттың жер мәселелері, ауыл

шаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын тұрақты комиссиясына, аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және заңдылықты сақтау мәселелерін қамтитын тұрақты комиссиясына, аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласы және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияларының жұмысына көмектеседі;

- аудандық сайлау комиссиясының және сайлау округтеріндегі жұмыстарға қатысты барлық мәселелерге жауапты;

- тұрақты комиссия отырыстарын қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді. Депутаттық бөлмені керекті құралдармен қамтамасыз ету;

- мемлекеттік тілді білу, компьютерде Word, Excel бағдарламалары бойынша жұмыс істей білуі міндетті.


3. Бас маман: /Е-4/ санаты (03-03) - Ж. Қабдыраққызы.

- Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлықтарын, Қаулыларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын бақылауға алып оның орындалуын және заңдылығын қамтамасыз етеді.

- аудандық мәслихаттың жер мәселелері, ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын тұрақты комиссиясына, аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және заңдылықты сақтау мәселелерін қамтитын тұрақты комиссиясына, аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласы және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияларының жұмысын ұйымдастырады, сессияны өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізу және сессияда қабылданған шешімдерге анықтама-негіздеме әзірлеп Әділет органдарына мемлекеттік тіркеуден өткізуге жібереді;

- заң органдарымен, РҚАО және Әділет басқармасымен тікелей жұмыс істейды;

- азаматтардың өтініштерін қарап, жауаптарының жобасын әзірлейді;

- мемлекеттік тілді білу, компьютерде WORD, EXCEL, E-mail бағдарламаларымен жұмыс істей білу.


4. Бас маман: /Е-4/ санаты (03-04) - Джансеитова Г.М.

- Мәслихат аппаратының бюджеттік бағдарламаларын қаржыландыру жоспарын дайындайды, қаржыландыру және бухгалтерлік есепке қатынасты барлық мәселелерге жауапты, коммуналдық-шаруашылық қызметтерге төлемдер жүргізілуін қамтамасыз етеді;

- мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізеді;

- Мәслихат аппаратының бухгалтериясына қатысты барлық мәселелермен айналысады.

- қазынашылық, экономика, статистика және қаржы бөлімдерімен тікелей жұмыс істеп, байланыс жасайды;

- мемлекеттік тілді білу, компьютерде Word, Excel, ПП «Парус-Каз» (Бухучет МСФО.Расчет заработной платы), ИС «Казначейство-Клиент» бағдарламалары бойынша жұмыс істей білуі міндетті.

 

5. Бас маман: /Е-4/ санаты (03-05) - Қалиқанова А.Қ.

- мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациялау жөніндегі комиссияның отырысына құжаттарды әзірлейді және жұмысын ұйымдастырады. Конкурстық комиссияның құжаттарын әзірлеп, жұмысын үйлестіреді. Еңбек өтілін анықтау комиссиясының құжаттарын әзірлейді;

- Мәслихат аппараты қызметкерлерінің жеке істерін жүргізеді және еңбек кітапшаларын толтырады;

- Мәслихат аппаратының іс қағаздарына жауапты. Мұрағат басқармасына байланысты жұмыстарын атқарады;

- мемлекеттік тілді білу, компьютерде Word, Excel бағдарламалары бойынша жұмыс істей білуі міндетті.