Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 32

Байланыс

"Ескелді аудандық Мәслихатының аппараты" ММ

Қазақстан, Алматы облысы
Ескелді ауданы, Оразбеков к-ші, 67

Индекс: 040500

Тел: 8 (72836) 3-02-59
Факс: 8 (72836) 3-02-59

Email:eskeldy-akimat@mail.ru

Есептер

Құрметті депутаттар,
сессия жұмысына қатысушылар!

 

Өткен 2016 жылғы наурыз айында өткізілген мәслихаттың сайлауында 13 депутат сайланып, оның ішінде 8 депутат жаңадан сайланды. Депутаттардың ішінде шаруа қожалық басшылары, мектеп директоры, балабақша меңгерушісі, медицина саласының жетекшісі басқа да мекемелерінің өкілдері бар. Депутаттардың сапалы құрамы аудан өмірінің әр түрлі бағыттағы маңызды салаларын қамтиды. Депутаттардың барлығы жоғарғы білімді.

Мәслихаттар қызметінің негізгі формасы – қолданыстағы заң шеңберіндегідей сессиялық, нақты айтқанда сессия арқылы ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуын басқада проблемаларын шешуге атсалысады және жергілікті мемелкеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-1 Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 3 желтоқсанындағы №704 Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентін басшылыққа алып аудандық мәслихат өткен уақытта бірқатар жұмыстар атқарды.

Аудандық мәслихаттың қызметі жергілікті атқарушы орган – әкімдікпен тығыз байланыста болды және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының ойдағыдай орындалуына, аудан тұрғындарының құқықтары қорғауға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталып отырды

Қазақстан Республикасы бюджет Кодексіне сәйкес бюджеттік қаражаттардың кірістері мен шығыстарының орындалуы басты назарда болды.

Ескелді ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті 2015 жылы 22 желтоқсанында №60-337 шешімімен бекітілген. Қазақстан Республикасы бюджет Кодексінің 65 бабына сәйкес, бюджет түсімдерін болжау ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына негізделіп жасалып, есепті кезеңде ретты өзгерістер енгізіліп отырды. 2016 жылы аудан бюджетінің кірісінің орындалуы жөнінде жоғарыда аудандық қаржы бөлімінің басшысы Гүлмира Мұқатайқызы толық есебін берді.

Мәслихат сессияларында қаралып, қабылданған шешімдер бюджеттік жобалардың уақытылы және тиімді пайдалануын қамтамасыз етіп келді. Әр бір жаңадан салынған нысандар тиісті жобалық-сметалық құжаттарға сай және сараптамадан өткен соң ғана қаржыландыруға ие болды. Құрылыс жүргізуші мердігерлердің жұмыс сапасы, оның іске қосылуы депутаттар тарапынан бақылауға алынып отырды.

Сол сияқты бюджет есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары бөлімі бойынша да атқарылған жұмыстар мәслихаттың назарында болды. Нәтижесінде көптеген нысандар белгіленген мерзімде пайдалануға беріліп, аудан тұрғындарының талап тілегінен шығып отырды. Осы аталған жұмыстардың нәтижесіне аудан мәслихатының тұрақты комиссияларының ықпалын атап кету керек. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы бекітілген есепті кезенде кесте бойынша 5 мәселені қарап, талқылады.

Атап айтсақ, ол тамыз айында жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Рысбеков Аянның есебі тыңдалып, тұрақты комиссияның шешімі қабылданды.

Қысқы мезгіл айларында Қоңыр ауылының жолдары апта бойы жабылып, қатынас болмағандықтан депутат Шынарбек Қасымұлы Бозовтың сауалы бойынша ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікбаев Еліздердың есебі тыңдалды.

IV тоқсанда «2017-2019 жылдарға арналған бюджетті бекіту туралы» аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Төлепбергенов Серіктің есебі тыңдалды.

2016 жылдың аяғында жергілікті полиция басшысы Мырзағұлов Алматтың қылмыстың алдын алу жұмыстары, қоғамдық тәртіпті нығайту бойынша есебі тыңдалып, құзырлы мекемелердің басшыларына тиісті ұсыныстар енгізілді. Осы тұрақты комиссияның отырыстарында «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Идрисов Дәулет Садырұлы қатысып отырады.

Есепті кезенде аудандық мәслихаттың VI шақырылуындағы 4 кезекті және 7 кезектен тыс сессиясы өткізіліп, 64 шешім қабылданды, олардың ішінде 17-і нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдер. Құжаттар дер кезінде қабылданып, әділет органдарында тіркеуден өтіп, ауданның әлеуметтік–экономикалық даму жоспарының орындалуына оң әсер етті.

Аудан мәслихатының сессияларында жоғары аталған мәселелерімен қатар ауданда жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы; аудан бойынша жер салығының мөлшерлерін жоғарылату туралы; аудан бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы; Ескелді ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына өзгеріс енгізу туралы; аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібін айқындау туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Құрметті азаматы атағы бекіту және тағы басқа шешімдер қабылданды.

Аудандық мәслихат депутаттарының барлығы «Нұр Отан» партиясының және саяси кеңесінің мүшелері. Сондықтан аудандық мәслихаттың депутаттарының қызметі «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасында белгіленген міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталып отырды.

Есепті кезеңде аудандық мәслихат депутаттары «Нұр Отан» аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдауында 35 қабылдау өткізілді, кабылдауға келген азаматтардың көтерген мәселелерінің көбісі шешімін тапты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтарындағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу» туралы Жарлығына сәйкес, аудан әкімі өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі тындалды. Әкім есебін талқылауда аудандық мәслихат депутаттары, тұрақты комиссия төрағалары өз ұсыныстарын жеткізді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 24 сәуірдегі №555 «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтін құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес, ауданымызда төрт ауылдық округтердің әкімдері сайланды, атап кетсек: Көкжазық, Қаратал, Қарабұлақ және Сырымбет округтерінде. Бүгінгі күнге сенім артқан азаматтар өз аймақтарында міндеттерін атқарып жатыр.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 19 қадамындағы мемлекеттік органдары мен әкімдер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру» бағытында ауданда қоғамдық кеңес құрылған. Кеңес мүшелері мемлекеттік органдардың қызметін нақты бақылау процессіне белсенді қатысуда. Оның құрамын мемлекеттік органдардың белсенді азаматтардың және қоғамдастықтардың өкілдері енгізілген. «Қоғамдық кеңес туралы» ҚР Заңының 13 бабына сәйкес, мәслихат өзінің қызметінде қоғамдық Кеңестің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді делінген. Осыған орай мәслихат депутаттарының барлығы белсенді қатысуда. Кеңестің өз ара іс-қимылы, схемасы құрылды. Бүгінгі күні жергілікті қоғамдық кеңес бірлескен жұмыс арасында тұрғындар мен билік органдардың арасында беделге ие болып келеді. Ақпарат құралдары арқылы тұрғындармен байланыс механизмы орнатылды.


Құрметті әріптестер!

Аудан еңбеккерлерінің 2016 жылғы қол жеткізген табыстары жыл басында өткен аудан, ауыл әкімдерінің тұрғындар алдындағы жылдық есебінде толық айтылды, алдағы жоспарлар белгіленді, орындау іс-шаралары бекітілді. Сондықтан ол жетістіктерді қайталамағанды жөн көрдім. Бір сөзбен айтқанда балабақша, дірәгерлік амбулатория ашылды, орта мектептерге күрделі жөндеу, елді мекендерді абаттандыру, су құбырларын күрделі жөндеу, елді мекендерде көшелерге тас төгу, тегістеу, көпірлер салу, түнгі жарық шамдар орнату сияқты көптеген жұмыстар атқарылды. Осындай және басқа жұмыстардың ойдағыдай атқарылуында аудандық мәслихат депутттары да осы істерге араласа білді.

Аудан өмірінің қай саласын алсақ та көрсеткіштеріміздің арта түскенін, елдің әл-ауқатының жақсарғанын ешкім жоққа шығара алмас. Алайда әлемді шарпыған саяси, қаржылық дағдарыстың әсерін төмендету үшін Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың белгілеген «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформасын жүзеге асыруына 100 нақты қадам» атты бағдарламасын орындау үшін әлі де бәрімізге біріге қажырлы еңбек ету керек екені белгілі.

Депутаттық құзыретті орындау мақсатында тек аудан көлемінде аса маңызды мәселелерді сессия, тұрақты комиссия отырысында қарау ғана емес, сонымен бірге аймақ сайлаушылармен жүргізілетін жұмыстар да бар. Әр бір депутат азаматтарды қабылдап, сайлаушылармен кездесу өткізеді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, жергілікті жердегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады және сайлаушыларға сайлау алды бағдарламалардағы міндеттерін орындалуға бақылау жасайды. Өздеріңіз білесіздер ауданда Бахтыбай ауылында Алматы-Өскемен жолы салынып жатыр, Қора өзенінде ГЭС салынып бітуге аз уақыт қалды. Осы істерге аудан депутаттары Идрисов Даулет Садырұлы, Сариев Серік Маманұлы, аудан әкімінің орынбасарлары мен мердігерлер кездесіп елге ыңғайлы болу үшін қай жерден пешеход, мал, су өтетін орындарын нақтылап, қадағалау істеріне араласуда.

Аудан әкімі мен ауылдық округтер әкімдерінің тұрғындармен өткізілетін кездесулерінде қатысу барлық депутаттар үшін жыл сайын дәстүрге айналды. Осындай кездесулерде негізінде депутаттар тұрғындарының өзекті проблемаларын өз аузынан тындап, шешу жолдарын бірлесіп қарастырып келеді.

Есепті кезенде мәслихаттың шешімдері міндетті түрде сараптамадан өтеді, әділет басқармасында тіркелетін шешімдеріне прокуратура тарапынан наразылық келтірілген жоқ, бұл әрине біздің депутаттарымыздың, мәслихат аппаратының бірлесіп атқарған жұмысының нәтижесі. Мәслихаттың нормативтік-құқықтық актілерге байланысты, бюджетке байланысты шешімдері аудандық «Жетісу Шұғыласы» газет бетінде мемлекеттік және орыс тілінде міндетті түрде жарияланып отырды. Осы жылдың екінші жартыжылдығында аудандық мәслихаттың Интернет сайты ашылады, онда депутаттардың қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық құжаттары, сессияда тұрақты комиссиялардың қарауына еңгізілетін мәселелерді, нормативтык-құқықтық актілерді орналастыру арқылы сайтты пайдаланушыларды шұғыл арада хабардар етуге мүмкіндік туады.


Қадірлі әріптестер!

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде конституциялық құқықтарды сақтай отырып, еліміздің саяси жүйесіне өзгерістер енгізу мәселесі көтерген. Алдағы уақытта Үкімет пен Парламенттің рөлі күшейеді. Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкімет пен Парламентке және басқа да атқарушы органдарға жүктеу көзделуде. Осы арада кезекті, кезексіз саяси үдерістер болады, соның біреуі айта кету керек алдымызда өте маңызды және жауапты саяси науқан келе жатыр. 1 шілде айының 30-на дейін сенат депутаттарының кандидаттары ұсынылады, екі айдан кейін сайлау өтеді яғни осы мен қатар тамыз айында ауыл әкімдерінінде сайлауы басталады.

Мен ойлаймын осы жұмыста депутат корпусының, ауданның сайлау комиссиясының мол тәжірибесі жиналған. Аудан халқымен бірлесе отырып алда тұрған міндеттерді және Елбасымыз Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсікеге қабілеттік» тақырыбында Жолдауын ақпарат құралдарына жариялап, еліміздің жаңа даму үдерісін бастап берді. Аудандық мәслихат депутаттары жергілікті атқарушы органдармен Жолдауда көзделіп отырған биік мақсат пен міндетті абыроймен атқаратынына сенімдімін!


Назарларыңызға рахмет!